Тәртіп сақшылары мұражай ашты

Қалалық ішкі істер басқармасында милиция – полиция қызметінің құрылу тарихы, Торғайда және Арқалықта абыройлы қызмет атқарған азаматтар, ерлік істерімен көзге түскен полиция қызметкерлері туралы мол мағлұматтардан сыр шертетін мұражай ашылды.
IMG_5724IMG_5697
– Қасиетті Торғай жерінің қойнауы тарихқа толы. Торғай милициясының құрылу тарихы сонау 70-жылдардан бастау алады. Мұражай ашудағы мақсатымыз ІІО қызметкерлерінің маңдай терімен ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибелері мен дәстүрлерін айқындайтын тарихи құжаттарды жинақтау және оны жас ұрпақтың санасына сіңіру,- ҚІІБ Кадр жұмыстары тобының инспекторы, полиция капитаны Ақмарал Сәбитқызы.
Мұражайға 300-ден астам экспонаттар қойылған. Жәдігерлерді жинақтауға ҚІІБ ардагерлер кеңесі зор үлес қосыпты. Тағылымды мекенде Торғайдан шыққан алғашқы генерал Аманкелді Жармағамбетовтың генерал формасы тәрізді құнды дүниелер көптеп саналады. Сонымен қатар, Совет милициясы кезеңдерінен сақталған құралдар мен қызметтік киім үлгілері және сол замандағы кітап қоры қойылған.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓