“Арман қалам – Астанам”

Бейбітшілік пен достықтың символына айналған Астана қаласының төл мерекесін Арқалық қаласының жұртшылығы да көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуда.
DSCN4524DSCN4502
Қала орталығындағы "Махаббат саябағы" алаңқайында Елорда күніне арналып "Арман қалам Астанам" атты мерекелік шара өткізілді. Онда өмірлеріндегі аса маңызды шаңырақ көтеру сәттерін арнайы осы мерекеге орайластыруды ниет еткен жас жұбайлардың бес жұбы құрметті қонақ болды. – Бұл шара қаламызда биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мақсатымыз қала тұрғындарының патриоттық сезімдерін арттырып, жастарға неке қию күнінің зор жауапкершілігі мен маңыздылығын көрсету. Елордамыз жылдан жылға дамып, көркейе берсін. Әсем қала Астананың туған күнінде отау құрып отырған жас жұбайлардың жолдары ашық болсын! – деді мерекелік құттықтау лебізін білдірген қала әкімінің орынбасары Е. Мәметеков. Аялаған асқақ армандарын бір арнаға тоғыстырып, үлкен өмірге қол ұстасып бірге қадам басқан жарасымды жас жұбайларды қалалық "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпазы Ғапбасовтар жанұясы да құттықтап, сәт сапар тіледі. Бата беріліп, жас отау иелерінің қолдарындағы ақ көгершіндер аспанға бір деммен самғады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓