Қостанайда 3 инвестжоба қолға алынбақ

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-15 жылдар ішінде қалада 65 млрд. теңгенің 25 инвестжобасы жүзеге асқан. Ал биылғы жылы Тобыл өңірінде тағы 3 инвестжоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиналыста қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі М. Айтмұхамедов ақпарат берді. 
“K-Oil” ЖШС жылына 18 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыттың жобасын қолға алған. Бұл салаға 324 млн. теңге бөлініп, 16 жұмыс орны ашылады. Тағы бір ірі жобаны “Баян-Сұлу” АҚ қолға алғалы отыр. Өндіріс саласын кеңейту мақсатында бисквит цехы салынып, 3,6 млрд. теңге бөлінген. Қосымша 45 жаңа жұмыс орны қарастырылған.
Ал үшінші инвестжобаны “СарыарқаАвтопром” ЖШС жүзеге асырмақ. Серіктестік СKD әдісімен JAC автомобильдерін құрастырады. Бұған 5 млрд. теңге құйылып, қосымша 35 адам осы жерден жұмысқа орналаспақ.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓