Туған күніңмен, Астана!

6 шілде күні сити-орталықта "Астана – достық пен жасампаздық қаласы" мерекелік бағдарламасы(сағат 11.30), көңілділер мен тапқырлар клубының бағдарламасы(сағат 12.30) және кешкі жастар ойын-сауық бағдарламасы(сағат 18.00) ұйымдастырылады. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ауласында театр-ландырылған кілем көрмесін (сағат 11.00), Әл-Фараби даңғылында "Қазпоштаның" алдында балаларға арналған сазды-би бағдарламасын (сағат 11.00), "Қостанай – кеше, бүгін, ертең" сәулет құрылысы макеттерінің көрмесін (сағат 11.00), "Қазақстан көкжиектері" кітап көрмесін (сағат 11.30) тамашалай аласыздар.
Орталық саябақта Президенттік көп-сайыстан жарыс (сағат 9.00) спортшылар мен өз жанкүйерлерін шақырады. "Шефилд" клубында бильярдтан қала кубогы(сағат 11.00), шахмат клубында шахмат әуесқойлары арасында қалалық турнир өткізіледі.