Бензин бағасы арзандады

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамына орайластырылған акцияның басталғанын хабарлайды: 14 наурыздан бастап АИ-92 маркалы бензин бағасы төмендеді, енді оның бір литрі – 118 теңге, деп хабарлайды BNews.kz.41a42664c4ad0c6b49d4a78715a«14 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» ЖЖС-нің барлық желісінде АИ-92 маркалы бензиннің құны арзандады, енді оның бір литрі 118 теңгеден сатылады. Сондай-ақ 1-наурыздан бастап ЖЖС желісінде клуб картасы бар жүргізушілерге жеңілдік жасалатынын хабарлаймыз.
Айына 150 литрге дейін жанар-жағармай сатып алған жағдайда клиент Standard деңгейіне және жеңілдікке ие болады – литріне 1 теңге, ал айына 150-ден 349 литрге дейін Silver деңгейі мен жеңілдік – литріне 2 теңге, ал бір айда 350 литрден көп болса, Gold деңгейі мен жеңілдік ұсынылады – литріне 3 теңге», – деп мәлімдеді компаниядан.
Бұған қоса, 31 мамырға дейін 300 литрден көп мөлшерде жанармай сатып алған клуб карталарының иелері құнды жүлделер мен үш автокөлік ойнатылатын ұтыстарға және акцияларға қатыса алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓