Қызы әкесін сотқа берді

Қостанай қалалық соты азамат О-дан өзінің кәмелеттік жасқа толған қызының оқу ақысын төлеуіне алимент өндіру туралы азаматтық істі қарады. Әкесі көмек көрсетпегендіктен студент қыз сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Жауапкердің сөзінше, ол тұрақты жұмыс істемейді, түрлі шаруаларды атқарып күн көреді. Сондай-ақ, басқа отбасында  үш жасар қызын тәрбиелеп отыр, жалдамалы пәтерде тұрады. Бар қолдан келер көмегі – ай сайын он мың теңге көлемінде ақша беріп тұру.
Сот отырысы барысында талапкердің күндізгі оқу бөлімінде екінші курста тегін оқитындығы анықталды. Оқу мерзімі төрт жыл. Яғни, енді 2,5 жыл оқиды. Оқу үлгірімі өте жақсы, ай сайын 16500 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Өз отбасымен жалдамалы пәтерде тұрады.
Сот азаматша О-ның оқу мерзімі кезеңінде алимент өндіру туралы шағымын ішінара қанағаттандырды. Сот 1997 жылы туған студент қызға оқуын бітіргенше әкесі 7 АЕК көлемінде (15 мың теңге) қаражат төлеп тұруға шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓