Балалы ананы көлік қағып кетті
Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде жол апаты болды. Полиция қызметкерлері оқиға кәуегерлеріне 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ТБӨК (КЖБИ) шағын ауданынан қала орталығына бағыт алған «Лада Калина» көлігі 6 жасар баласын көтерген жас ананы қағып кеткен.
Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізілді. Алайда, ауыр жарақаттың салдарынан бала көз жұмған. Қолдағы ақпаратқа сүйенсек, 1983 жылы дүниеге келген әйел ауыр халде жатыр.
Полиция қызметкерлері тізгінге ие бола алмаған жүргізушіні құрықтады. Оқиғаның анық-қанығын әлі тергелу үстінде.
Айта кетейік, бұл көшеде екі жүргіншілер жолағы бар. Соған қарамастан, жол-көлік оқиғасы жиі тіркеледі. Өткен жылдың 25-шілдесінде 13 жасар жеткіншек – Әлішер Саматов та осы көше бойында жан тапсырған