Заң азаматтардың мүддесіне қызмет етуі керек

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы дайындалып жатқан тұста, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы азаматтардың ұсыныстары да айтылмай қалған жоқ. Бұл заң жобасы тек еліміздегі заңгерлер мен сарапшылар арасында ғана емес, жалпы қоғамда қызу пікір талас тудыруда. Мұның өзі Қазақстан халқының белсенділігі мен конституциялық құқығын қорғауға бағытталған құжаттың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
заңҚылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңадан жасалған жобасын  Парламенттің төменгі палатасы қабылдады. Бүгінгі күнге дейін Мәжілістің жұмыс тобы жоба бойынша 800 депутаттық өзгерістер енгізген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасына сәйкес болашақта тергеуге дейінгі тексеру болмайды. Осыған байланысты жәбірленуші жақтан өтініш түскен бетте ғана тергеу амалдары жүргізіледі.
Жобада қылмыстық іс жүргізу процесіне "кінәсін мойындау туралы мәміле" институтын енгізу де қарастырылған. Қылмыстық процесте "қорғауға құқығы бар куәгер" деген жаңа фигураның пайда болуы да қоғамда бірқатар пікір тудыруда. Жоба бойынша "қорғауға құқығы бар куәгер" дегеніміз – басқа тұлғалар оны "қылмыс жасады" деп көрсеткен, бірақ тергеу органы оны "күдікті" деп танымаған тұлғалар болып табылады. Бұл мәртебе оған басқа куәгерлерге қарағанда бірқатар артықшылықтар береді. Мәселен, күдік келтірілген тұлға сияқты онда да жауап беруден бас тартуға, алғашқы тергеуге дейін адвокат алуға, өзін көрсеткен адаммен бетпе-бет жүздесуді талап етуге құқығы болады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы бойынша домалақ арыз берушілердің жауапкершілігі күшейтілетін болады. Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалардан басқа анонимді хабарламалар мүлдем қаралмайды. Азаматтарымыздың конституциялық құ-қығын негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мақсатында шағымданушыны тіркеудің алдында оған көпе-көрнеу жалған шағым үшін қылмыстық жауапкер-шілік қарастырылатыны және жаңа кодекс бойынша жауапкершіліктің айтарлықтай күшейтілгені міндетті түрде ескертіле-тін болады. Өйткені, жалған ақпарат бергені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Ал, қазіргі жобадағы жаңалықтардың бірі – соттың сотқа дейінгі іс жүргізуді бақылауын кеңейту мақсатында қылмыстық процеске тергеу судьясы институты енгізілетін болады. Бұл сот тарапынан бақылау болады деген сөз. Осы уақытқа дейін біз осы мәселені жалпы соттарға жіберіп келдік. Жаңа кодекс жобасы бойынша тергеу судьясының өкілеттігіне қамауда ұстау, үй қамауында болу және олардың мерзімдерін ұзарту, сот-психиатриялық сараптамасы іс жүргізуі үшін қамауда отырмаған адамды медициналық мекемеге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын, мәйітті эксгумациялау, мүлікке тыйым салу, халықаралық іздеу жариялау, кәмелетке толмаған адамды арнаулы мекемеге қамауды санкциялау туралы өтініштерді қарау кіреді. Осы орайда біз заң саласы мамандарының пікірін білген болатынбыз.
Михаил Дауенов,
"Құқықтық Қазақстан" қо-ғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер:
– Бұл осы заңға енген өзгерістер мен толықтырулар біздің қоғамда түрлі пікір туғызуда. Біріншіден, біз кейбір қылмыстық істерді сот жүйесіне жеткізіп, адамның бостандығын шектемей, сондай қылмыстарды әкімшілік жазаға ауыстырғанымыз жөн. Ол үшін жазаның экономикалық жолдарын қарастырып, адамды экономикалық қаржы салаларымен бағдарлау тиімді. Сондықтан құқықтық, демократиялық тұрғыда біз сотталған адамдар санын азайтқан боламыз. Екіншіден, сот жүйе-сінің жұмысы жеңілдейді. Ал адам баласының негізгі құқықтарын сақтау – басты міндетіміз болып қала береді.
Ал сепаратизмге қатысты қабылданып отырған жаңа бап Африка, Таяу Шығыс, Украина елдерінде болып жатқан жағдайларға байланысты екені рас. Конституциялық негізімізді нығайту үшін елімізде сеператистік қимыл жасап я сеператистік әңгіме өрбітіп, тұтастықты бөлшектеуге қатысты он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Екіншіден, жаңағы Конституциямыз негізінде жазылған еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне жалған ақпарат таратып, адамдардың ой-сезімін соған тарту әрекеттеріне де қылмыстық жаза қолданылады.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓