Кәсіпкерлерге үндеу
2016 жылдың 14-ші наурызы күні Қостанай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көркейе бер, Қостанай!» деген ұран аясында жұмыс және қызмет көрсету, жергілікті тауар өндірушілердің жетістіктер көрмесі өткізіледі. Ондағы мақсат – қазақстандық өнімдерді қолдау және облыс орталығының одан әрі көркейіп, дамуына өңір кәсіпорындарын тарту көзделген (қаланың архитектуралық құрылыс келбетін жақсарту, санитарлық жағдайы, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі және т.б).
Егер аталған көрмеге қатысамын деушілер болса, қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне хабарласуларына болады. Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы, 43, №6 бөлме. Анықтама үшін телефондар: 757-745, 532-077. E-mail otdpred@mail.ru
Өтініштер 5-ші наурызға дейін қабылданады.
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз-қызметі