Қостанайдан Түркияға көмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлаған еді Ақорданың баспасөз қызметі. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады. Олардың қатарында біздің өңірден де дәрігерлер бар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА.