Қостанай облысы Ресейге зауыттан шыққан «Daily» көліктерін сатады
АСТАНА. ҚазАқпарат – "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен «IVECO Russia» компаниялары арасында қол қойылатын экспорт туралы келісім аясында Қостанай облысы Ресейге «Daily» көлігінің ілкі партиясын жеткізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті. "2015 жылдың тамыз айында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен Қытайдың СhinaMachinerycompany және JAC Motors компаниялары арасында стратегиялық серіктестік және ұлттық қазақстандық автокөлік брендін дамыту бойынша келісім жасалды. Осы келісім аясында «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны JAC Motors компаниясымен JAC автомобильдерін шығару бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бүгінде 5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, бірінші партия шығарылды. Жалпы, 40 млн. АҚШ долларына дейін инвестиция салу көзделген. Технологиялық қондырғылар 2016 жылдың маусым-шілде айларында жеткізіліп, монтаждалады. Биылғы жылы 2 мыңнан астам автокөлік шығарылады", – деді А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, ақпан айының соңында СhinaMachinerycompany компаниясы делегациясының Қостанайға сапары жоспарланған. Сапар аясында индустриялық аймақ құрылысының мерзімі бойынша шешім шығарылып, СhinaMachinerycompany, облыс әкімдігі мен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС арасында үш жақты құжатқа қол қойылмақ. «Ал, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен IVECO Russia арасында қол қойылатын экспорт туралы келісім аясында Қостанай облысы Ресейге «Daily» маркалы көліктердің ілкі партиясын жеткізеді», – деп хабарлады әкім.