Жол жөндеуге 13 млрд. теңге бөлінеді
Қостанай облысындағы тас жол ұзындығы 9, 5 мың шақырымды құрайды. Оның 85 пайызы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Көлік инфрақұрылымын дамытып, автомобиль жолдарын жөндеу үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінбек. Әдетте, айтулы жобаға жыл сайын 15 млрд. теңге ақша бөлінеді.-Ағымдағы жылы тас жолдар мен елді мекендердегі нысандарға 13 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға құрылыс жұмыстары мен қайта жаңарту жұмыстары жасалады. Осы саладағы проблемаларды шешу үшін өткен жылдың аяғында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ келіссөз жүргізілген болатын. Нәтижесінде Қостанай облысындағы респбликалық маңызы бар жолдарды қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде серіктестік білдірген «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мен облыстық әкімдік Меморандумға қол қойды,-дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
Тобыл үстімен өтетін үлкен көпірдің және Затобол кентінен тұйықталған тұсындағы шеңбер жолдың да құрылысы биыл аяқталады. Жалпы ұзындығы 154 шақырым болатын Қамысты ауданы мен Рудный қаласын жалғап жатқан Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолының қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Инфрақұрлымдық даму жолындағы «Нұрлы жол» атты Мемлекеттік бағдарламаның аясында облыстың оңтүстік бөлігінде «Орталық-Батыс» атты көлік дәлізі тартылады. Бұл «Арқалық-Торғай» жол бөлігін біркелкі көліктік-логистикалық жүйесіне қосып, еліміздің батысына жол ашады.

Кенже Қонысбай