«Қауіпсіз аула» акциясы басталды
Қостанай қаласында "Stop-қылмыс" жобасы аясында "Қауіпсіз аула" республикалық акциясы басталды.
"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған акцияның мақсаты қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу. Шара барысында қалалық мәслихат депутаттары, полицейлер мен еріктілер қаламыздағы КСК шағын ауданының тұрғындарымен жүздесіп, аулалардағы қауіпсіздік туралы сұхбаттасты.