Аудан экономикасы қарқынды дамып келеді

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов және облыстық басқарма басшылары жұмыс сапарымен Жанкелдин ауданына келді. Ең алдымен олар аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, ауданның тыныс-тіршілігмен танысты. Содан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытынды есебін тыңдады.IMG_0444
Әкімдердің ел алдында есеп беруі – атқарған жұмыстары тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыра және алдағы міндеттерді айқындап, талқылау үшін мүмкіндік туғызады.
Осыған байланысты Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин аудан тұрғындарының алдында Жангелдин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы талдау жасап, баяндады.IMG_0432
Аудан басшысы өз баяндамасында аудан көлемінде атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Өнеркәсіп саласы бойынша үстіміздегі жылдың 1-қаңтарында аудандағы өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өскен. Қазіргі таңда аудан бойынша 343 шағын кәсіпкерлік субъектілері мүмкіндіктерінше жұмыс жасап отыр. “Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасының аясында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бойынша аудан кәсіпкерлеріне Жұмыспен қамту орталығы арқылы шағын несиелер берілген. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша несие алған 12 адам өз кәсіптерін ашқан. Негізгі капиталға игерілген инвестиция көлемі 653 млн. теңгеге жеткен. Жеке кәсіпкерлердің елге салып жатқан инвестициясында өсім байқалады. Игерілген жалпы инвестиция көлемінің дені шаруа қожалықтары мен халықтың есебінен. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған инвестиция көлеміде ауыз толтырып айтарлықтай.
Ауылшаруашылық саласы бойынша 4 605,5 тонна ет өндірілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артқан. “Сыбаға” бағдарламасы бойынша ауданымыздағы алты шаруа қожалықтары қажетті соммада несие алып, оған етті бағыттағы ірі қара малын және мал тұқымын асылдандыру мақсатында бұқалар сатып алған. Оның сыртында “Алтын асық”, “Құлан” бағдарламалары бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Ветеринария саласын тоқталар болсақ, аудан аумағындағы жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру және халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жылдық ветеринариялық – профилактикалық эпизоотияға қарсы іс-шаралар уақытылы жүргізіліп, оған бөлінген қомақты қаржы толығымен игерілген.IMG_0427
Әлеуметтік саласында да ілгерлеушілік қадамы жоқ емес. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі бір қалыпты жағдайда болса да жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жүрген адамдардың кейбірі тұрақты жұмыспен қамтылса, енді бірі уақытша жұмыстарға тартылған. “Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы” бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орнына аз қамтылған отбасынан 3 топтағы мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қоғамдық жұмыстар аудан орталығында және ауылдар мен ауылдық округтерде көшелерді қардан тазарту, тазалық жұмыстарын жүргізу, экологиялық сауықтыру, абаттандыру, су құбырларын жөндеу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың нәтижесі қанағаттанарлық. Сондай – ақ, аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы Денсаулық, Білім, Құқық қорғау, Байланыс, Жол мен жылу, Мәдениет және спорт салаларындағы жетістіктерді де назардан тыс қалдырмай тілге тиек етті.IMG_0440
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Торсанұлы аудан әкімінен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, ветеринария саласындағы азды – көпті жұмыстардың қалай атқарылып жатқандығын егжей – тегжей сұрады. Бұл жөнінде аудан басшысы кемшілік тұстарды кері тартпай нақты жауабын берді.
Аралбай ауылының тұрғыны Хамит Аңсағайұлы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Түмбат Имановқа ауылдағы ауызсу мәселесі жөнінде сауал тастады. Басқарма басшысының орынбасары ауызсу мәселесі Аралбай ауылы мен Ақшығанақ ауылдық округінде алдағы жылдары оң шешімін табатындығына сенім білдірді.
Аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы, Көлқамыс ауылының тұрғыны, ауданның құрметті азаматы Кәкімжан Карбозов, Торғай ауылының тұрғыны, зейнеткер Рақым Рыскелдин аудан әкімінің жылдық есебіне, абыройлы атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық бағаларын беріп, Алдағы атқаратын мінсіз міндеттеріне тілектестіктерін білдірді.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

1 Response

  1. Айбек айтты:

    Жақсы-ақ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓