Аграрлық салада – инновациялық жобалар

Елбасы Жолдауында айтылған бұл міндет қостанайлық ғалымдарды қуантып отыр. Өйткені олардың өндіріске енгізуді қажет ететін жаңалықтары жетерлік. Бір ғана ғылыми-инновациялық орталықтың өзінде 8 биопрепарат жасалған. Бұл туралы 24.кз тілшісі жазады.егіс4 млн гектардан астам алқапқа тұқым себетін қостанайлықтар үшін «астық ауруы» – өте өзекті мәселе. Жыл сайын көптеген шаруашылық тат, септориоз, тағы басқа кеселдердің кесірінен шығынға батып жатады. Жергілікті ғалымдар жасап шығарған препараттың бірі – өсімдік ауруының алдын алуға бағытталған.
"Мысалы біз бидай өспей тұрып дәннің ішіндегі ауруларды тексере аламыз. Ол аурулар көрінбейді. Ешқандай белгілері жоқ, бірақ оны себеміз дегенде топырақтың ішінде ауру болуы мүмкін. Жеке шаруашылықтар дәнді себе салады да, ол шыққан кезде кеш болып қалады. Бұл препараттарды біз жасадық, патентін алдық. Ол енді сұранысқа ие болады деп ойлаймын", – дейді ҚМУ ғылыми зерттеу орталығының басшысы Сәбит Қоқанов.
Аграрлық саясат аз шығын жұмсап, мол өнім алу үшін жұмыс істеуі керек. Сонда ғана экспорт еселенбек әрі қазақстандық өнім экологиялық тазалығымен, айрықша сапасымен ерекшеленуі тиіс. Бұл – Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың бір парасы. Шаруашылық пен ғылым ұштаспаған жерде ауқымды меже шоқтығынан ұстатпасы анық. Салаға Мемлекет басшысының назар аударуы қостанайлық ғалымдардың сенімін нығайтты.
"Елбасының аграрлық ғылымға көңіл бөлгені біз үшін өте қуантарлық жағдай. Өйткені біз осы ғылыми инновациялық орталықта өткен жылы министрліктің тапсырысы бойынша 10 ғылыми жобаны орындасақ, соның 4-еуі аграрлық ғылымға қатысты. Оның нәтижесінде 16 патенттің авторлық құқығына ие болдық", – дейді ҚМУ ҒЗО бөлім меңгерушісі Индира Бейішова.
Қостанайдағы ғылыми инновациялық орталығының жас ғалымдары биыл аграрлық салаға қатысты үш инновациялық жоба әзірлеп отыр. Олардың жаңа технологияларды трансферттеу және оны отандық жағдайға бейімдеу бағытындағы ізденістері де көңіл қуантарлық.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓