БАҚ шынайы және әділ ақпарат таратуы тиіс 

Республика аумағында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына арналған тиісті жұмыстар күнтізбелік жоспарға сай жүріп жатыр. Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, сайлауға түсетін партиялардың алғашқы легі тіркеуден өткен. IMG_3865Сайлауға кандидаттарды тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. 24 ақпан мен 18 наурыз аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Жауапты іс-шараның алдында Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың қатысуымен семинар өтті. Онда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тәртібі мен БАҚ-тың атқаратын қызметі туралы айтылды. 
Саяси науқан кезінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары шынайы және әділ ақпарат таратуы керек. Сайлау комиссиясының ұйымдастырған іс-шаралары туралы сайлаушыларды дер кезінде ақпараттандыруы тиіс. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзім аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады. БАҚ  кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетуін жүзеге асыруға, кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн үгiт материалдар мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға мiндеттi.  Кандидаттар мен саяси партиялардың өткізген іс-шаралары туралы ақпарат таратуда БАҚ бәріне бірдей тең мүмкіндік ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде жергілікті басылымдарға жарияланатын сайлау материалдары ақылы түрде басылады. Алайда, кандидаттарды бөліп жаруға болмайды. Бір кандидатқа ұсынылған тираж басқа кандидаттардың бәріне бірдей.
-Облыс аумағында 1140 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Сайлау округі комиссияларының орналасқан жері туралы ақпарат 26 ақпанға дейін жергілікті басылымдарда жариялануы тиіс. Қазіргі уақытта ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын сайлаушыларға түсіндіру мақсатында тиісті шаралар жасалып жатыр,-деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова.
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓