Жаңа қоғамдық кеңес құрылды
Бүгін облыстық мәслихат сессиясында Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің құрамы анықталып, 17 үміткер ашық дауыс арқылы кеңес құрамына өтті.
Біз бұған дейін хабарлағанымыздай, мәслихатта ең алдымен, қоғамдық кеңестің жұмысшы тобы бекітілген-ді. Олар өтініш берген әр үміткерлердің тізімін жасақтауға тырысты.
Негізінен, қоғамдық кеңестің құрылуына Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылы 2 қарашада қабылдаған «Қоғамдық кеңестер туралы» заңы себеп болды. Мұның басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру әрі халық пен билік арасын жақындастыра түсу.
Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещановтың басшылығымен өткен жиында қоғамдық кеңестің мүшелері болып мына төмендегі азаматтар бекітілді:
Азаматтық қоғам өкілдері:
1. Мұрат Телгараұлы Әбенов, «Кәсіпкерлер палатасы» Қостанай облыстық филиалының директоры;
2. Сайран Балкенұлы Бұқанов, «Қарқын» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері;
3.Валерий Георгиевич Вишниченко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
4.Аслан Жұмағалиұлы Дабылов, «Мүгедектердің «Жаңа өмір» белсенді оңалту орталығы» қоғамдық ұйымының төрағасы;
5.Сергей Михайлович Жалыбин З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ ҒІИ-ның директоры;
6. Борис Павлович Князев «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері;
7.Николай Иванович Печерица, ауыл шаруашылығы саласының ардагері;
8.Вера Григорьевна Семенова, мемлекеттік қызмет арадагері;
9.Рысбике Қасымқызы Сүймекова, «Рудный қалалық арадагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшесі;
10.Александра Ильинична Суслова, ҚР педагогика ғылымдары Акадамиясының құрметті мүшесі, ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер педагог;
11.Ерлан Серікұлы Төлетаев, «Жас Отан» қоры» Қостанай облыстық филиалының төрағасы;
12. Кенжебек Үкіұлы Укин, «Ардагерлер ұйымы» ҚОФ төрағасы;
13. Елена Семеновна Цвентух, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» төрайымы;
14.Валентин Борисович Якимов, Денсаулық саласының ардагері.
Мемлекеттік қызмет өкілдері:
15.Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов, Қостанай облыстық жастар саясаты ісі жөніндегі басқармасының басшысы;
16.Сәуле Төленқызы Аймұхамбетова, Қостанай облыстық қаржы басқармасының басшысы;
17.Ерлан Махмұтұлы Спанов, Қостанай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
Міне, осы азаматтар Қостанай облысы қоғамдық кеңесі мүшелігіне өтті. Кеңес мүшелері жаңа төрағаны да сайлап үлгерді осы жиында. Төрағалыққа Сайран Бұқанов тағайындалса, хатшылығына Валерий Вишниченко бекітілді. Төраға Сайран Балкенұлы кеңес қызметінің бағытын айқындап, сайланған өкілдерден екі комиссия, яғни, бюджет істері жөнінде және әлеуметтік мәселелер жөніндегі топты құрды.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.