Жарылған құбыр жөнделуде
Қостанай қаласында Майлин көшесіндегі су таратын құбырларда ірі апат болып, тұрғындар ауыз сусыз қалып отыр. Жалпы, тұрғындардың айтуынша, бұл жерде апат жиі болып тұрады. Себебі, 1963 жылы пайдалануға берілген құбырлардың әбден тозығы жеткен. Бұл жағдай апат болған көше бойындағы кәсіпорындарға да қолайсыздық тудырып отыр. Қазір осы аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қостанай су» коммуналдық мекемесінің инженері Виталий Панаетовтың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына 2 бригада және 11 техника жұмылдырылған.