Студенттерді мемлекеттік қызметке шақыру
Тестілеуді қайда тапсыруға болады? Қандай заңдарды білу керек? Мемлекеттік қызметке қалай кіруге болады? Осы және басқа да сұрақтарды Қостанай техникалық-экономикалық колледжінің студенттері бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілерімен кездесу барысында сұрап жатты.
Іс-шараның басты мақсаты талантты жастарды мемлекеттік қызметке дайындап, шақыру болды.
Кездесу барысында әңгіме Департаменттің негізгі міндеттері мен мемлекеттік қызметке түсудің үрдістері туралы өрбіді. Студенттерді жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қызықтырды. Бұл жерде түсініктемелермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Р.С.Болат сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметке конкурс өткізу, тестілеу үрдісі туралы, студенттердің тәжірибесіз қандай лауазымдарға үміттенуге болатыны туралы және конкурсқа қалай дайындалу керектігі жайында нақтырақ айтты.
Сонымен қатар, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мұғалімдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д.Б.Ахметжанов кездесті. Өзінің баяндамасында ол негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың және оны тудыратын себептер мен шарттардың алдын алу болып табылатын «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы айтты.
Кездесу соңында, өткізіліп жатқан іс-шаралардың сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізілді.