167 адамды құтқарды
20-қаңтарда республикалық маңызы бар М-36 Алматы-Екатеринбург тас жолында қатты қардың салдарынан жүк тиелген 4 фура жолдан шығып кетті. Тас жолдың ортасында тұрып қалып, автокөліктердің қозғалысына бөгет болды. ТЖ Департаментінің Солтүстік ӨАЖҚЖ қызметкерлері, Әулиекөл ауданының ӨЖЭК жол қызметі адамдарды шұғыл эвакуациялап, учаскені тазалауға кірісті. Зардап шеккендерге азық-түлік беріп, үсік шалғандарды алғашқы көмек көрсетілді. Жалпы, 167 адамды құтқарды. оның ішінде – 12 бала. 76 автокөлік эвакуацияланды.
21-қаңтарда Садчиков-Рудный жолының 30 км-де қар құрсауына 53 адам және 18 көлік түсті. ТЖ Департаментінің қызметкерлері адамдарды эвакуациялады. Сол күні Әулиекөл-Жолдама жолының 90-154 км-де қардан тағы да 52 адам құтқарылды, 18 көлікті қарды сүйретіп шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
Қостанай облысының ТЖД