Жас ұландардың жеңісі

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  жас спортшылар қоян-қолтық ұрысқа түсті. Алтыншы рет өткізілген дәстүрлі турнирге он алты салмақ дәрежесі бойынша 104 жасөспірім қатысты. Шаршы кілем қожайындарынан бөлек, «Барс», «Легион», «Жекпе-жек», «Русичи», Кудо федерациясы командалары өзара кім мықтыны анықтады. Облыстық ашық біріншілікке Көкшетаудан да спортшылар келді.IMG_2311
Жарыстың ашылу салтанатында академия басшысы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов пен облыстық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Евгений Комзов спортшы оқушыларға сәттілік тіледі.
Жеңіл салмақтағы финалдық жекпе-жектер ширақ басталды. Спорт мамандары турнирдегі жаңа есім – 34 келідегі Эмиль Мамедовтің қоян-қолтық ұрыстың айла–тәсілдерін үйреніп келе жатқанын айтады. Болашағынан үміт күттіретін Руслан Нығматуллин, Дәурен Жолданов, Темірлан Базылжанов, Руслан Жітібаевтар өз салмақтарында чемпион атанды.
Жалпыкомандалық нәтиже бойынша Қостанай кудо федерациясы бірінші орынды, екінші орынды «Легион» командасы иеленсе, үштікті облыстық Жекпе-жек федерациясының құрамасы қорытындылады.IMG_2259
Жекелей сында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген Руслан Сәтпаев пен Ысмайыл Бектас техникалық шеберліктері үшін «Үздік спортшы» аталымына ие болды. 
Он алты салмақта жеңімпаз атанған жұдырықтасушыларға Қостанай облысы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы қолдау көрсетті. Енді облыс құрамасы Қостанайда өтетін рсепублика чемпионатына дайындалмақ. 
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓