Автожолдардағы құтқару операциялары

Қостанай облысы аумағында метеожағдайы қиын, ауа райының күрт төмендеуі, көп жауыншашындар қысқы жолдарындағы жағдайларды қиындата түсті.  Осыған қарамастан, тәуліктік кезекшілік режимі Қостанайлық құтқарушылардың адамдардың өмірлерін сақтап қалу бағытында тиімді және жедел әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етеді. кыскы жол
Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанның кезекшілік тәулігінде облыстың автожолдарында 5 құтқару операциялары жүргізілді. «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ құтқарушылары, сондай – ақ Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерімен жол қызметтерімен бірлесе жолдардағы оқиғалар туралы келіп түскен сигналдарға жедел әрекет етті. Жалпы санағанда тасжол учаскілерінде қар астында қалып қойған 35 бірлік автокөліктер шығарылды, оның ішінде жеңіл, жүк автокөліктері және шағын автобустар. Құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қарды борасыннан 91 адам құтқарылды. Құтқарылған азаматтардың денсаулықтары жақсы, жәбірленгендер жоқ.
Жітіқара және Наурызым аудандарының тасжолдарында құтқару жұмыстарының саны жүргізілді.  
Осылай, ағымдағы жылдың 29 желтоқсанда Наурызым ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 6 адам құрамымен 3 бірлік техника күшімен, сондай – ақ  Әулиекөл ауданының жол қызметінің 10 адам құрамымен 7 бірлік техникасымен Қожа ауылының маңында Қостанай – Жалдама автожолының 92-154 шақырым бөлігінде қарды борасынан 32 адам және 15 бірлік техника шығарылды.
Сол күні Наурызым ауданы аумағында Дәмді аулының маңында  Қостанай – Жалдама автожолының 92-154 шақырым бөлігінде қарды борасынан 21 адам және 10 бірлік техника шығарылды. Құтқару операциясын жүргізуге Департаменттің аудандық бөлімшесінің 2 адамы және 1 бірлік техникасы, Солтүстік ӨАЖҚЖ (4 адам, 2 бірлік техникасы), Әулиекөл ауданының жол қызмтінің (10 адамы мен 7 бірлік техникасы) қатысты.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді! Қысқы жолдарда қырағылық болыңызда. Ауа райы қолайссыз жағдайда тас жолға шығу кезде сіз өз өміріңізді қатерге душар етесіз!

                                                                        Қостанай облысы ТЖЖ МТжАТ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓