Ауданның алтын жастары

IMG_0236
 
 
Сарыкөлдің абыройын аймақ, республикаға дейін асқақтатып, ел сенімін арқалаған, қоғамға қомақты үлес қосқан дарынды әрі жалынды жастардың есімдері ауданның «Алтын кітабына» енді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әр салада жақсы қырынан көрінген ел келешектерінің қуанышымен аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков ортақтасып, оларды марапаттады.
IMG_0330Мерейі тасығандардың дені – білім, спорт салаларында биік шыңдарды бағындырып, өңірдегі өскелең ұрпақ саясатына сүбелі үлес қосқандар.IMG_0408Айта кеткен абзал, аталмыш шара біздің өңірде 2012 жылы басталған болатын. Былтыр мұнда 6 жас азаматтың есімі енгізілсе, ал биыл олардың қатары тағы да толықты. Үздіктердің ішінде мектеп оқушылары мен студенттер де бар.IMG_0321
«Алтын кітаптың» «Спорт», «Жастар көшбасшысы» номинациялары бойынша биылғы лауреаттары – Нұрлан Тайжанов пен Әсел Мәзеновалар болды. Ал, қалған қатысушыларға наминант ретінде дипломдар табысталды.IMG_0304
Нұрлан Мұратбекұлы – Барвин орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі. 2007 жылдан бері ҚР гір спорты бойынша спорт шебері. 2015 жылы оған дене тәрбиесі бойынша 1-ші дәрежелі санаты берілді. Нұрланның шәкірттерінің ішінде біреуі гір көтеру спортынан спорт шебері, ал екеуі спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасының қола жүлдегерлері. IMG_0390Олар 2010-2015 жылдары ішінде Қостанай облысының, Халықаралық турнирлердің чемпиондары атанған. Ал, Н.Тайжановтың өзі гір спорты, қол күрес, үстел теннисінен облыстық жарыстардың жеңімпазы. 2015 жылы оның жанұясы аудандық жарыста «Спорттық отбасы» номинациясымен марапатталды.IMG_0268
-Ауданның алтын жасы деген атаққа ие болу – мен үшін үлкен жетістік, зор мәртебе. Еңбегімді елеп, алтын кітапқа енгізген кісілерге алғысым шексіз. Болашақта да сарыкөлдіктердің сенімін ақтауға тырысамын, -дейді лауреат Нұрлан Тайжанов.
Ал, Әсел Аманжолқызы болса, бүгінде ағымдағы жылдың басында өзі құрған «ДИС» атты еріктілер қоғамының төрайымы. Жас та болса, жастар саясатына сіңірген еңбегі зор. Осы тұрғыда облыстан сан мәрте алғыс хаттар алған. Оның жұмысының жемісін өңірдегі келешек ұрпақ сезініп келеді.IMG_0370
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓