Ораза диабеттен емдейді
ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, АҚШ-тағы Мюрре кардиология институтының сарапшылары ораза тұтқан адамның ағзасында май клеткаларындағы зиянды холестеринді энергияға айналдыратын пайдалы бір процестің жүретінін алға тартуда.
Зерттеу жұмыстарына қан құрамында глюкозасы жоғары 30 бен 69 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысқан. Нәтижесінде, ғалымдар оразаны он жылға дейін үзбей ұстау қант диабеті мен жүректің ишемиялық ауруларынан ада болудың кепілі екендігін айтады. Демек, ораза құлшылық не рухани тазару ғана емес, тәнге де төнген қауіптің басын қайтара алатын қабілетке ие екен.