Тобыл топырағындағы тұңғыш фильм (видео)
Қостанайда қысқаметражды "Саяқ" фильмінің тұсаукесері өтті. Туынды Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Жобаның авторы – талантты театр және кино майталманы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров, ал қоюшы режиссері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының жас актері Олжас Бегайдаров.
Бұл фильм республика театрлары арасында және облыста тұңғыш рет түсірілген кәсіби көркем туынды. Түсірілім жұмыстары былтырғы наурыз айында басталған. Нүктесі тамыз айында қойылды.


Басты рөлді қарағандылық Қайрат Кемалов ойнады. Сондай-ақ, есімдерін облыс таныған Айбол Шәкіржанов, Жібек Жолдыбай, Әлімхан Мырзахан, Зәмзәгүл Балтабаева, Ақдәмен Досановаларға бір-бір рөл бұйырыпты. Жоңғар батырының рөлін Қонысбек Бегайдаров сомдады.



Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Лариса Сероус фильм тұсаукесерімен құттықтап, түсірілім барысында айрықша еңбегі сіңген жастарға алғыс хат табыс етті.

Ер
сайын ТӨЛЕУБАЙ, режиссер-драматург: Кино – ұлттық мәдениеттің ғана емес, идеологияның да құралы. Жеке талантқа тұсау салған уақытты да көрдік. Бүгін Олжастың үлкен ақшамен емес, киноға деген махаббатпен түсірген тырнақалды туындысын көрдім. Мұны қатты сөгуге болмайды. Қостанай киноөнерінің тұлпары бәйгеге қосылды деп баға берер едім. Себебі, еліміздің басқа театрларында мынадай бастама қолға алынбаған еді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жоба дәл уақытында, келесі жылға созылмай, сәтті аяқталды.

Саяқ батырдың өмірі мен сол кезеңдегі ірі тарихи оқиғаның өріліп, тұтасуын суреттейтін қысқаметражды фильм жұртшылыққа ұнайды деген ойдамын.
Қасқырбай Қойшыманов
Менын суретымды койыпсыздар! Рахметт! Мы тока в эпизодах были, если честно))
Құтты болсын! Түсіріліп жатыр деп Қостанай таңынын оқығаным бар еді. Сахна саңлақтарының қазақ кинематографиясына қадам басуы үлкен батылдық. Бүгін қысқа метражды кино болса, ертең сол метрлер ұзара түсер деп үміттенейік. Туындының Ұлы Дала төсіндегі дүбірлі той – Қазақ хандығының 550-жылдығына тұспа-тұс келгені де көңіл қуантарлық жәйт. Өңірімізге таңсықтау жанр өміршең болып, "Саяқ" фильмі ендігі, қазақ киносының алтын қорынан орын тепсін. Көркем фильм тек мегаполистерде түсіріледі деген қағида жоқ шығар. Олай болса, ақ жол, іске сәт дейміз!