Ұлттық мерекеге арналды

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Салтанат мерекесі Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.  Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов ардагерлерді, профессорлық – оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және курсанттарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ,  оқу ордасының басшылығын, профессорлық-оқытушылар құрамымен қызметкерлерді ардагерлер және «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының төрағасы Ербол Абдрахманов құттықтады.IMG_0345
Іс-шара барысында академия бастығы қызметкерлерді адал еңбектерімен қызметте көрсеткен жетістіктері үшін, Ішкі істер министрінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медалімен, құрмет грамотасымен, алғысымен марапаттады.IMG_0410 Мерекелік салтанат соңы концертке ұласты.IMG_0552
 
IMG_0525
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓