Еңбектенгенді еңбек көтереді

Бүгінде  Қостанай облысының үкіметтік емес секторы қоғамдағы  ең белсенді азаматтық институт болып табылады.  Жылдан жылға  азаматтық ұйымдардың саны өсіп отырғаны соның дәлелі деп айтуға болады.  Мысалы, қазіргі кезде  өңірімізде 773  үкіметтік емес ұйым бар, яғни орташа есеппен 6 пайызға өсіп отыр.IMG_1212
Бірнеше жылдардан бері облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы  аясында үкіметтік  емес секторы  жоғары деңгейде жұмыстар жүргізіп келеді.  IMG_1249Облыстық «ГрИн» азаматтық альянсы қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаеваның айтуынша,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру – бұл мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес секторының өзара  бірлескен іс-қимылының ең тиімді тәсілі болады. Үстіміздегі жылы үкіметтік емес ұйымдармен осы тапсырыс аясында облысымыздағы он басқарма  жұмыс істеді. IMG_1245
IMG_1289
2015 жылғы қараша айында  үкіметтік емес ұйымдардың конкурсы өткен еді. Конкурсқа облысымыздағы елуден астам үкіметтік емес ұйымдар қатысты.IMG_1297  Нәтижесінде  жеті номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.  Жеңімпаздарды марапаттау іс-шарасына облыстық ішкі саясат басқарма басшысы  Ж.Мақанов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады, жылы лебізін білдіріп, грамота мен бағалы сыйлықтар табыстады.IMG_1438
IMG_1429
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көріністер
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓