Балғын жасұландықтар слеті

«Жас-Ұлан» ұйымының қатарына оқуда озат, спортта алда, шығармашылыққа бейім, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, ең бастысы бойында отансүйгіштік қасиеттері бар оқушылар кіреді. Елі сүйген Елбасы бастамасымен құрылған бұл ұйым еліміздің болашағы үшін қызмет атқарады. Мойындарында аспан түстес көк галстук пен төсбелгісі бар оқушылар ұйым мүшесі екендігін айқындайды.IMG_0820
2015 жылдың 30 қараша күні Арқалық қаласы «Жас – Ұлан» ұйымының қалалық штабының төрайымы Б.Қ.Сакаупованың ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәстүрлі «Жас-Ұлан» мен «Жас қыран»  ұйымының қатарына жаңадан оқушыларды қабылдау салтанатты рәсімін өткізген болатын. Салтаннатты қабылдау рәсіміне келген қала әкімі Бекмухамедов Ғазиз Ерболатұлы, қалалық мәслихатының хатшысы Шалдыбаев Накан Шалдыбайұлы, қала әкімінің орынбасары Маметеков Есламбек Женисович, қалалық білім бөлімінің басшысы Әбу Мирамкүл Тлеубаевна, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтмағанбетова Мәнсия Каримовнаны «Жас-Ұлан» ұйымының белсенділері «Жас-Ұлан» алға, биікке самға! ұранымен қарсы алды. Қала әкімі өз құттықтау сөзінде ұйымға қабалдынатын оқушыларға сәттілік тілеп, Елбасы әрқашанда еліміздің болашағы жастардың қолында екенің ескерте келе, балғын жас ұлындықтармен жас қырандықтарға қанаттары талмай самғай берулеріне, жақсы азамат болып өсулеріне, елін сүйетін патриот болуларына шақырды.

IMG_0733

 Ұйымға қабылданатын оқушыларға арнайы галстук пен төсбелгіні тағу құрметі келген құрметті қонақтарға жүктелді. Ұйымға қабылдау рәсімімен қатар қалалық «Жұлдыздар фабрикасы» байқауының жеңімпаздарымен аға тәлімгерлерін  қала әкімі өзі марапаттады. «Ең үздік ролик» – Родина орта мектебінің оқушысы Балтабек Аружан, «Ең кішкентай көшбасшы» А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Мереке Ақтілек, байқаудың ІІІ-орын иегері Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Қожамсейтова Айша, ІІ-орын иегері №4 орта мектебінің оқушысы Әмірғазы Жанерке, І-орын иегері №6 орта мектебінің оқушысы Сардаров Тұрсынбай иеленді. 2014-2015 оқу жылы ішінде атқарған жұмыстардың рейтингтік көрсеткіші бойынша үздік аға тәлімгер ретінде танылған тәлімгерлер арнайы дипломмен марапатталды. Олар: ІІІ-орын – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның аға тәлімгері Қосанова Бахыткүл, ІІ-орын – Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның аға тәлімгері Байшева Альмира, І-орын – №6 орта мектебінің аға тәлімгері Баязитова Салтанат иеленді. Сонымен қатар террористік жағдайында қайтыс болған балаларға арналған  бүкіләлемдік терроризмге қарсы қалалық акциясына белсене қатысқан мектеп ұжымдарыда қалыс қалмады. Олар: №2, №3,№4,№5, №6,№8 орта мектептерімен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия және Родина орта мектеп ұжымдары.

IMG_0819

«Жас-Ұлан» балалар ұйымына мүше болу – бұл әрбір мектеп оқушысының жетістігі мен жеңісі, жаңа мүмкіндік, жаңа болашаққа деген нұрлы жол. Елбасы биылғы Жолдауында айтқандай «Елі бақытты, гүлденген Қазақстанды – Мәңгілік ел ету». Ендеше, ұйымға қабылданған әр жас ұлан мен жас қыраннан рухы биік, жігері мықты, болашығы айқын, білімді азамат болады деген сенімдеміз.
 
 
Маженов Б.А.
«Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
Арқалық қаласы
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓