Жазды күтіп жүрмін

Оқу жылы аяқталды. Көктем айы келгенде қашан жазғы каникул басталады екен деп күтіп жүрдім. Неге десеңіз, мектеп жанындағы демалыс лагері жұмыс істейтін болады.
жаз
Мен осы уақытты жақсы көремін. Демалыс лагерінде таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуын жасаймыз. Қаладағы аквапаркқа, бассейнге, Тобыл өзеніне тәрбиешілермен барамыз, шомыламыз, спортпен айналысамыз. Денемізді шынықтырамыз. Түрлі-түрлі спорт жарыстары, дүниетанымымызды арттыратын сайыстар болады, оған топ-топ болып қатысамыз, күш сынасамыз, білімімізді жарыстырамыз.
Амира ЖАСЛАНҚЫЗЫ.
№ 24 "а" қазақ бастауыш мектебінің 3 "в" сынып оқушысы. Қостанай қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓