“Ән-байлығым – кенішім, шырқар әнім – ел үшін”

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып, осындай атаумен Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда патриоттық әндер байқауы өткізілді.
 Байқауға ҚР Мәдениет қайраткері Жұмағали Өмірбек, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы "Інжу – Маржан" тобының жетекшісі Қарлығаш Жақыпбекқызы, мәдениет сарайының музыкалық жетекшісі Елугүл Алшынбайқызы әділқазылық жасады.
 "Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ тапсырысы бойынша, қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылған Жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға көрермендер көптеп жиналды.
DSCF2618
 – Бүгінгі іс-шарамыз Тұңғыш Президент күніне арналып отыр. Тәуелсіз қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегі үшін көрсетілер құрметтің бұл кішкене бір бөлігі ғана.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, дініміз бен діліміз қайта оралды. Көк байрағы желбіреген, бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Осындай айтулы жетістіктермен еліміздің ертеңін жырға қосу бүгінгі ұрпақ мына бізге үлкен парыз, – дейді жастар бастамалар орталығының жетекшісі Дархан Жоламанұлы.

Ә. Мұхамбетжанова

 Жігер мен намысы жаныған жалынды әндердің орындаушылары арасында өткен жарысқа қаланың кәсіптік оқу орындарының дарынды жастары қатысты. Қорытындысында байқау жеңімпазы болып Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті Әйгерім Мұхамбетжанова танылды.
 Жүлдегерлер мадақтамамен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суретте: Ә. Мұхамбетжанова, байқау жеңімпазы
Суретті түсірген автор.
                                                                                               Арқалық қаласы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓