Тайғақ кешу
Таң-азаннан табиғат тәлкегі тұрғындарды әбден әбігерге салды. Жауған жаңбыр кесірінен қала көшелері көктайғаққа айналып, көліктер тұрмақ жаяу жүрудің өзі қиындап кетті. Кадрға іліккен көшедегі көріністерді назарларыңызға ұсынамыз.
Мына "жұп" бейне бір мәнерлеп сырғанауға оқталып тұрғандай. Бірақ әуремен әупірімдегендердің әзілге уақыттары жоқ.
Асықпаңыз! Діттеген жеріңізге мысықтабандап…
немесе "тал қармап" жеткеніңіз абыройлы болады.
Кейбіреулері қолдарынан келгенше кенеттен тайып құлап, майып болмаудың алдын алып әлек.
Темір тұлпарының "тұмсығын бұзып" алудан сақтанғандар да көп. Ақыл екен.
Дегенмен, жұмысқа, сабаққа, жуық маңдағылар, жаяу баруға мәжбүр болды.
Өйткені не қоғамдық көлік, не такси қызмет көрсеткен жоқ. Тек 10.30-дан бастап 2-3 автобустан жіберіліп, аялдамаларға адамдар қайта жинала бастады.
"Жасасын көктайғақ!" Оқудан тым ерте босатылған оқушылар осылай деп жар салып келеді.
Ессіздердің елерме сөздерінен гөрі, таң атқалы есі шығып ерсілі-қарсылы шапқан жедел жәрдем мен жол-патрульдік қызметтің көліктері көз сүріндіреді. Әзірге белгілі мәлімет бойынша, әртүрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға 60 шақты адам жеткізілген. Оның 20-ға жуығы кереуетке таңылды.
Ж.Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков, Айбек Жүзбай
фоторепортаж жаксы берілген екен. Заречныйда да адам шошырлык көктайгак, 102 де, 101 де журген жок, уш рет аялдамага бардык, автобус болмаған соң үйге қайтуымызға тура келді… Құлап-сүрініп жатқандары қаншама? Алла өзі сақтасын!