Оқырмандармен ой бөлісті

Өткен аптада Жанкелдин, Аманкелді аудандары мен Арқалық қаласында "Қостанай таңы" газетінің күндері болып өтті. Басылымның негізгі оқырмандары осы Торғай өңірінде көп шоғырланған.
IMG_2357
Газет ұжымы бұл жолы аудан, қала орталықтарындағы кездесулермен шектелген жоқ, елді мекендерге де арнайы соғып, ондағы оқырмандармен жүздесті. Жергілікті тұрғындарды мазалаған көкейтесті мәселелерге құлақ түрді, халықтың түрлі ұсыныс, талап-тілектерін тыңдады. Бір аптаның бедерінде өткен тағылымды кездесулерден түйген ой көп. Журналистер "Қостанай таңы" газетінің шалғай аудандардағы оқырмандарының пейіліне, ниетіне ырза болып аттанды. Облыстық газеттің Торғай өңіріндегі күндері жайлы жазылған арнайы репортажды газеттің жұма күнгі санынан оқи аласыздар.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓