Жайрандап жаз келгенде…

Қай ата-ана болмасын жаз айы келгенде қала шуынан арылып, баласы жазғы демалыс лагеріне барып, демалып, денсаулығын түзетіп қайтса екен деп ойлайды.
лагерь
Рас, бүгінде нарық заманы болғандықтан бұрнағы жылдардағыдай демалыс лагері-не деген тегін жолдамалар жоқтың қасы. Дегенмен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасы балалары үшін жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлі-ніп, олардың демалуларына мүмкіндік жасалып отыр. Сондықтан да жыл сайын бірінші кезекте облысымыздағы балалар үйлері мен мектеп-интернатының жеті жүз қырық тәрбиеленушісі өздерінің демалыс базалары "Лесная сказка", "Алтын гүл", генерал Бакиров атындағы лагерьлерде демалып, денсаулықтарын түзейді. Облыстық білім департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылғы жаз айларында өңірдегі балаларға арналған он төрт жазғы сауықтыру демалыс лагері жұмыс істеп, барлығы 9,5 мың бала демалыспен, сауықтырумен қамтылады. Бұл лагерьлерге деген жолдама құны тоғыз мыңнан қырық мың теңгеге дейін барады. Мысалы, Қарабалық ауданындағы "Достық" жазғы демалыс лагері жолдамасының құны 9 мың теңге болса, ал, "Сосновый бордың" құны 40 мың теңге. Сол секілді облыс бойынша мектеп жанында 833 балалардың жазғы сауықтыру алаңы, 129 палаталық, спорттық және де он бір мың оқушы баланы қамтитын бейіндік 245 демалыс лагері жұмыс істейтін болады.
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓