Қайтадан ана атанды
Жітіқара ауданында сот шешімімен үш баланың анасының ата-аналық құқығы қалпына келтірілді. Үш жыл бұрын үш баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылған әйел қайтадан аналық бақытқа ие болды. Сот оған 2004, 2005 және 2007 жылдары туған балаларын қайтарып берді. Азаматшанның сөзінше, ол қазір ішімдік ішпейді, жұмысы бар. Қазіргі уақытта ол, балаларымен бірге тұрып жатыр.