Нан бағасы көтерілуі мүмкін

Бірінші қаңтардан бастап, басты ас мәзірінің бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, бірінші сұрыпты ұн мен нан бағасын тұрақты ұстау мақсатында, еліміздің ауылшаруашылық министрлігі арнайы бағдарламаны жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, облыс әкімдіктерімен «1 сұрыпты ұннан пісірілетін нан бағасын тұрақтандыру» меморандумы қабылданған.
«Басты ас мәзірінің құнын тұрақтандыруға бағытталған меморандум 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болмақ. Жұмыр жерді жайлаған қаржы дағдарысының салдарынан еліміздегі жағар май, электр энергиясы, көгілдір отынның  бағасы айтарлықтай өсті. Осыған қарамастан, нан бағасы соңғы бес жыл көлемінде көтерілген жоқ. Осы аралықта наубайханалардың газға 19 пайыз, электр энергиясы – 83, жағар майға – 39 пайыз артық ақы төлеп келгенін айта кеткен жөн. Осы тектес қиындықтардың салдарынан, кәсіпорындар техникаларын жаңарта алмай, жалақыларын өсіре алмай қиналуда. Кәсіпорындарды тығырықтан шығару мақсатында, ұн өнімдері бағасының көтерілерін хабарлаймыз» –  делінген баспасөз хабарламасында.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓