Мал асылдандырудың мол мүмкіндігі: қолдан ұрықтандыруды бастаған шаруашылық
Жанкелдин ауданындағы «Бикен» шаруа қожалығы Зеңгі бабаның қанын жаңартудың жолын тапты десек болады. Шаруашылық жетекшісі Хамит Шакин биылдан бастап сиыр малын қолдан ұрықтандыру арқылы төл басын көбейтпек. Болашақта кәсіпкер дүние жүзіне танымал герефорд тұқымын өсіріп қана қоймай, оның төлін Торғай атырабына таратуға ниетті. Шалғайдағы ауданда қолға алынған осындай бастама істерге куә болып қайтқан едік. Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция өкілі, республикалық герефорд тұқымы палатасының басшылығы мен РФ Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің (Троицк қаласы) ғылыми орталығы қызметкерлері барғанын айта кетейік.
Хамит Қарағұлұлы басқаратын «Бикен» шаруа қожалығында бүгінгі таңда 450 бас Зеңгі баба тұқымы өсірілуде. Оларға арналып әрқайсысының ұзындығы жүз метрден болатын екі қоражай салынған. Қожалықта сиырдан бөлек 200 жылқы мен 1800 қой тағы бар. Кәсіп иесі осыдан он жыл бұрын асыл тұқымды бірнеше бұқа сатып әкеліп, солардан төл басын көбейте бастаған екен. Ал шаруашылық басшысының 2011 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жанкелдин ауданында алғаш болып 40 миллион теңге несие алғанын айта кеткен жөн. Сол кезде алынған қазақтың ақбас сиырларынан қазіргі таңда төртінші буын өрбіп отыр.
– Біздің жергілікті жердің бір жасар тана-торпақтары 120, әрі кетсе 140 келі ғана таза ет береді. Ал ақбаспен будандасқаннан кейін 180-200 келіге дейін тартып жатыр. Егер төлге жаңадан қан араластырып, әлемдік озық тұқымдармен будандастырсақ, бұдан да ірі болмақ. Онда салмақ айырмашылығы арқылы біраз шығындарымыздың орнын толтыруға болар еді. Осының алдында ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты өңірлік инспекция өкілдері бізге герефорд тұқымын қолдан ұрықтандыру жайында ұсыныс жасады. Ол үшін Ресейден арнайы ғалымдарды шақырамыз деді. Енді міне, бүгінгі істі алғашқы сынақ деуге болады. Тәуекелге барып отырмыз. Осыдан қандай да бір пайда көрейік деген ой жоқ. Тек өңірірімізде тұрқы ірі, от талғамайтын, етінің құнарлығы жоғары сиыр тұқымы көбейгенін қалаймыз. Бұны аудан басшылығы да құптап отыр,-дейді ол.
Бұған дейін аймағымызда қолдан ұрықтандыру тек сүтті сиырларға ғана жүргізілген еді. Ал ет бағытындағы малдарға алғаш рет «Бикен» шаруа қожалығында тәжірибе жүргізіліп отыр. Бұған ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімі дәнекер болып отыр. Аталған бөлімнің басшысы Марк Гумеров бір ұрықтан өнетін бұзау бағасы 40-50 мың теңгеге шығады дейді:
– «Бикен» жеке қожалығына асыл тұқымды мал шаруашылығын құруға мүмкіндік бар. Онда ауданның кәсіп иелері алысқа бармай-ақ, осы жерден герефорд төлін сатып ала береді әрі сол мал басы үшін мемлекеттік субсидияға қол жеткізбек. Шалғай аудандар қолдан ұрықтандыру шараларын көбірек қолға алып, өніп шыққан төлді дұрыс азықтандырып, дәрумендер көбірек беру қажет. Бүгінгі ресейлік ғалымдармен келісім бар, олар атқарған жұмыстарына кепіл береді".
Негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығын ашудың ескерерлік тұсы көп дейді мамандар.
Бұған дейін аймағымызда қолдан ұрықтандыру тек сүтті сиырларға ғана жүргізілген еді. Ал ет бағытындағы малдарға алғаш рет «Бикен» шаруа қожалығында тәжірибе жүргізіліп отыр. Бұған ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімі дәнекер болып отыр. Аталған бөлімнің басшысы Марк Гумеров бір ұрықтан өнетін бұзау бағасы 40-50 мың теңгеге шығады дейді:
– «Бикен» жеке қожалығына асыл тұқымды мал шаруашылығын құруға мүмкіндік бар. Онда ауданның кәсіп иелері алысқа бармай-ақ, осы жерден герефорд төлін сатып ала береді әрі сол мал басы үшін мемлекеттік субсидияға қол жеткізбек. Шалғай аудандар қолдан ұрықтандыру шараларын көбірек қолға алып, өніп шыққан төлді дұрыс азықтандырып, дәрумендер көбірек беру қажет. Бүгінгі ресейлік ғалымдармен келісім бар, олар атқарған жұмыстарына кепіл береді.
Негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығын ашудың ескерерлік тұсы көп дейді мамандар.
Бұл жолы мамандар 3 қашардың жатырына ұрық орналастырып кетті. Сәті туса, келер жылдың шілде айында Торғай өңірінде тұрқы ірі, тұрпатты герефорд тұқымы өмірге келмек.
Қыдырбек Қиысхан