Дала жұмыстары аяқталды

 Облыс егін орағын толық аяқтады. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары 4 018 мың.гектар алқаптан барлығы 5 млн.тонна астық жинап алды. Гектар берекелілігі орта есеппен 12,4 центнерден айналады.

егін

               Ең жоғары көрсеткіш  Федоров ауданында тіркелді. Жаркөл өңірінің шаруалары алқаптың әр гектарынан 16,8 центнерден өнім алыпты.  Ал Меңдіқара, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында астық шығымы  15,8 центнерге тең.
              Күзгі жиын-терім жұмыстарына облыс бойынша 12 мың астық жинайтын техника қатыстырылған. Оның 3,2 мыңы  Джон-Дир, Кейс, Клаас, Акрос тәрізді жоғары өнімді комбайндар.Сондай-ақ, 8,6 мың жүк көлігі, 18,6 мың трактор дала жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуына көп жәрдемін тигізді.
             Үстіміздегі жылы облыс диқандары қосымша тағы 259 трактор, 131 комбайн, 160 дестелегіш, 15 астық кептіргіш сатып алған болатын. Бұған барлығы 4,5 млрд.теңге жұмсалған.
              Науқан  барысында жауын-шашынға ұрынған солтүстік аудандарға егін орағын ерте аяқтаған облыстың оңтүстік өңірлерінен 200 комбайн көмекке келді. Соның арқасында жиын-терім жұмыстары қарқын алды.
             Айта кету керек, шаруалар мемлекет тарапынан 77 мың.тонна жеңілдетілген дизельдік отынмен қамтамасыз етілген-тұғын. Ал көктемге салым егін өсірушілерге науқандық жұмыстарды өткеру үшін 6,5 млрд.теңге несие берілді.
            Жиналған астықты сақтау үшін облыста жалпы сыйымдылығы 7,0 млн.тонналық қоймалары  алдын-ала әзірленді. Бүгінгі таңда элеваторларға 1 391 мың.тонна жаңа астық тапсырылды. Оның  1 208 мың. тоннасы бидай.
          Сонымен қатар 548 мың.тонна тұқым құйылды. Бұл шаруалардың 100% қажеттілігін өтейді деген сөз. Яғни, келер көктемде астық өсірушілер тұқым іздеп сабылмайтын болды.
         
Айбек КӘДІРҰЛЫ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓