Мүсіндер сыр шертеді
Үстіміздегі жылы аудан орталығында ерекше архитектуралық кешенге негізделген жас жұбайлар аллесы ашылған болатын.Орталық алаңда бой көтерген жаңа аллеяның ішінде не жоқ дейсіз?! Мұнда келушілердің лайықты демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе, «Шығыс күнтізбесі» деп аталатын алаңқай аудан тұрғындары мен қонақтарды бей-жай қалдырмасы анық. Қазақтың жыл санауына айналған жан-жануарлар дөңгелене орналасқан. Жаңа архитектуралық құрылым аз ғана уақыттың ішінде ауданның басты символдарының біріне айналып үлгеріпті.
-Әрине, мен үшін тәуелсіздік алаңындағы үлкен стеллаға ештеңе жетпейді. Дегенмен, аудан орталығын абаттандыруда түрлі бейнелердің орны ерекше. Бір қызығы, қиратпақ түгілі бұл мүсіндерді ешкім қолмен шұқып көрген емес. Өйткені, бұл жерде түнемелік жарық өшірілмейді әрі бейнебақылау орнатылған,-дейді аудан әкімі Қайрат Ахметов.
Тұтас композициялық кешенде кішігірім тоған мен жас жұбайларға арналған айшықты алаң, орталық келбетін көріктендіріп тұрған бірнеше мүсіндер орналасқан. Федоровтықтар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта орталық алаңда қуғын-сүргін құрбандары мен интернационал-жауынгерлерге арналған монумент бой көтеретін болады.
Әлібек ЫБЫРАЙ