Білімділер додасы…

«Білген адам – өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыл адам – қорықпайды» – дейді Конфуций. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік ортада өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына,  даму бағытына,  қазіргі таңдағы әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологияларды жетік меңгеруіне тікелей байланысты болмақ.12028870_913585828689242_6181152781943851681_o
 Астана қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінде роботты техника құрастырудан республикалық олимпиаданың екінші мәрте өтуі білімді шәкірттердің білігін шыңдауына зор септігін тигізер игі бастамалар легінің бір парасы іспетті.
9 облыстан 42 команда жасақталған бұл жарыста қаламыздың намысын №7 қазақ орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары Сабитбек Мақсат пен Зұлқарнай Қадырәлі қорғап қайтты.
Мақсаты, әлемдік ақпарат жүйесіне жетік, жас дарындылардан шоғырын жасақтау. Сайыс, ағылшын тілінде әрі WRO (World Robot Olympiad ережесіне сәйкес төмендегі сегіз категория бойынша жүргізілді: Олар, Regular Elementary, Regular Junior High, Regular High School, Open Elementary, Open Junior High, Open High School, Роботтар футболы, мен Студенттік категориясы бойынша. Олимпиада шеңберінде Халықаралық IT университетінің PHD докторы Махмуд Хасан ұстаздарға шеберлік сағатын өткізді.
Білім додасының қорытындысы бойынша Талдықорған құрама командасы  Халықаралық IT  университетінде тегін оқуға екі жолдаманы еншіледі.
Барлық қатысушылара мақтау қағаздары мен қоса бағалы сыйлықтар табысталды.
 
Серікбай Ерік Ниязбекұлы
Рудный қаласы, №7 орта мектебінің
мұғалімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓