Басты міндет – аурудың алдын алу

Соңғы жылдары еліміздің денсаулық жүйесіне ерекше көңіл бөлініп, бұл саладағы жағдай айтарлықтай жақсарды. Бүгінде емдеу мекемелеріне заманауи медициналық қондырғылар орнатылып, озық құрал-жабдықтар да сатып алынуда. Соның нәтижесінде, шетелдерде жасалынатын оталардың көбі өзімізде де атқарылуда, дәрігерлердің де білімі мен біліктілігі шетел мамандарынан кем емес. Ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасының дұрысталуының арқасында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің де сапасы артып келеді.
IMG_4455IMG_4348
Айтулы мейрам қарсаңында біз КСК шағын ауданында орналасқан №3 қалалық емханасының бүгінгі тынысымен, ақ желеңді абзал жандардың жұмысымен танысып қайтқан едік. Бү-гінде аталған емдеу мекемесінде де енгізіліп жатқан жаңалықтар көп екен. Ең бастысы, емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүр-гізіліп, заманауи медициналық құрылғылар алынған көрінеді. Жасыратыны жоқ, бұрын атал-ған емхананың жұмысына тұр-ғындардың да көңілі тола бермейтін. Ал, қазіргі бас дәрігер Манарбек Ахметов келгелі емхананың бүгінгі жағдайы жақсарып, медициналық қызмет көрсету сапасы да айтарлықтай артқан. Қазір мұнда ересектерге, балаларға, қарттарға, мүгедектерге арналған жеке тіркеу бөлімдері жұмыс істейді. Емхана ұжымы келер жылы жүкті әйелдерге арналған жеке тіркеу бөлімін ашуды да жоспарлап отыр. – Бұрын адамдардың көбі кезектің көптігіне шағымданатын. Тіркеу бөліміндегі ұзын-сонар кезектің кесірінен де түсініспеуші-ліктер орын алып жататын. Осы мәселелерді шешу мақсатында қазір тіркеу бөлімдерінің санын көбейтіп жатырмыз, оған қоса талон жүйесі де енгізілді. Тіпті, бү-гінде кез келген емделуші талон алуға өзі келмей-ақ, телефон немесе ғаламтор арқылы да дәрі-гердің қабылдауына жазыла алады. Оның сыртында бізде дәрі-герге жазылуға арналған арнайы журнал да бар, кез келген пациент осы журналға жазылу арқылы да дәрігердің қабылдауына кіре алады, – дейді бас дәрігер М.Ахметов. Емханада тіркеуде тұрған мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалып, олардың емін-еркін кіріп шығуы үшін арнайы пандус төселген. Сондай-ақ, былтыр емхана ішінен әлеуметтік-психологиялық көмектің алдын алу мақсатында тағы бір бөлімше ашылыпты. Мұнда әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, фельдшерлер жұмыс істейді. Аталған бөлімшеде скринингтік тексерулер өткізу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және салауатты өмір салтын насихаттау бағыттары бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, бөлімшеде сауықтыру-оңалту жаттығу залы да жұмыс істейді.
 
IMG_4431IMG_4377
Күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген балалар бөлімшесі де емделушілердің көңілінен шығуда. Жалпы, емхана бойынша он мыңға жуық бала тіркеуде тұрған көрінеді, бүгінде оларға сегіз участке қызмет көрсетеді. Тағы бір жаңалық, емханада былтырдан бері дені сау бала бөл-месі жұмыс істеуде. Емдеу мекемесіне келген кез келген жас ана осы бөлмеге келіп, арнайы маманнан баланы қалай тамақтандыру керек, қалай жуындырып, қай уақытта егу шараларына қатысу керек, жалпы сәбидің денсаулығын қалай күтіп-баптау қажеттігі жайында тегін кеңестер ала алады. Және бұл жөнінде оларға тегін дискілер де таратылады. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай еліміздің барлық емханаларына жалпы тәжірибе дәрігерін енгізу жүктелген болатын. Бүгінде қалалық емханалардың көпшілігінде ересектер мен балаларды бір дәрігер, яғни осындай отбасылық дәрігері қарайды. Бұл мақсатта №3 емханада да КСК, Арман, Узкоколея, Киевский, Корейский, Телецентр сияқты шағын аудандардың тұрғындарына қызмет көрсететін 5 бірдей жалпы тәжірибе дәрігері ұйымдастырылған. Мамандар мұндай көмектің аталмыш түрі жеке тұлғаларға да, сондай-ақ отбасыларға да қолжетімді екендігін айтады. Емдеу мекемесінің басшысы күннен күнге дамып келе жатқан КСК шағын ауданы үшін бүгінде емхана ғимаратының тарлық етіп отырғандығын да жасырмайды. – Өздеріңіз де жақсы білесіздер, қаламыздың бұл шағын ау-даны жылдан жылға дамып, тұр-ғындарының да саны көбейіп келеді. Сондықтан жетпіс мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіп отырған емханамыз бүгінде таршылық етуде. Қазір біз жертөлені жөндеу жұмыстарын қолға ал-дық, себебі, бізде ғимараттың тарлығынан арнайы кабинеттер де жетіспей отыр. Сол себепті біз бірінші қабаттағы дәрі-дәрмек сақтайтын қойма сияқты кейбір кабинеттерді босатып, жертөлеге көшіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, күндізгі стационарды да он орынға көбейтпекпіз. Ал, тағы бір қосымша ғимарат салу мәселесін біз басшылыққа жеткіздік, бірақ ол қашан шешіледі, белгісіз, бәрі уақыттың еншісінде, – дейді бас дәрігер Манарбек Ахметов. Медицина саласындағы кадр тапшылығы қай өңірде болмасын басты проблема екендігі айтпаса да белгілі. Бұл емхана үшін де басты мәселе маман жетіспеу-шілігі болып отыр. Осы күні кардиолог, онколог сияқты мамандар ауадай қажет көрінеді. Бірақ, соған қарамастан аталған емдеу мекемесі жас мамандарды қа-былдаудан алдыңғы қатарда келеді. Мәселен, өткен жылы жиырма дәрігер келсе, соның жетеуі жас маман. Биыл да жыл басынан бері емхана дәрігерлерінің қатары төрт маманмен толығыпты. – Жалпы, қазіргі таңда біздің емханада 53 дәрігер мен 128 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде. Дәрігерлеріміздің дені жоғары білікті мамандар. Бір жылда жиырма дәрігердің келуі бұл облыс бойынша жақсы көрсеткіш. Жас мамандардың бәріне 250 мың теңге көлемінде бір реттік көтерме ақша берсек, төртеуін пәтермен қамтыдық. Яғни, олардың ай сайынғы пәтерақыларын өзіміз-дің емхананың есебінен төлеп отырмыз. Бұл үрдіс бұрыннан бар, бірақ пәтерақының жартысы ғана төленетін, мен бұл мәселені біржақты етіп, толықтай тө-леп тұруды қолға алдым. Дәрі-герлердің біліктілігін арттыруға да баса ден қоямыз. Біздің емханадағы барлық дәрігерлер мен мейірбикелерді ерекше мейірімді әрі өз ісінің майталмандары деп айта аламын. Ауырып келген адамдардың деніне шипа сыйлап қана қоймай, оларға рухани күш, көңіл күй сыйлай біледі. Әрине, елу дәрігерге жетпіс мың адамның көңілін табу да оңай емес, бірақ соған қарамастан олар әр науқастың қабағына қарап, көңілін табуға тырысады. Алда осы медицина қызметкерлерінің төл мерекесі ғой, сондықтан барша ақ желеңді абзал жандар мен мейірбикелерді мейрамдарымен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тілеймін, – дейді №3 қалалық емхананың бас дәрігері М.Ахметов. Иә, кез келген қоғамның басты байлығы ол – адам, ал адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулықты қорғайтын дәрігерлердің де мойнына жүктелген кәсіби міндеттің салмағы да жеңіл емес. Өйткені, ұлт саулығы осы ақ желеңді абзал жандардың білімі мен біліктілігінен бастау алатыны да жасырын емес. Сондықтан, оларды кәсіби мерекесінде шексіз құрметке бөлеп, ал-ғысқа бөлеу де заңдылық. Біз де барша медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс, табандылық пен төзімділік тілейміз!
Қарлығаш ОСПАНОВА
СУРЕТТЕРДЕ: бас дәрігер Манарбек Ахметов пен оның орынбасарлары Гүлзада Нұр-тазинова және Қарлығаш Әленова; "Дені сау бала" бөл-месінің дәрігері Гүлмира Бисембаева балғындармен бірге; сауықтыру-оңалту жаттығу залының дәрігері Мархаба Тоқ-паева қариялармен жұмыс істеуде; бала дәрігері Инара Есентаева.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓