Жұмыспен қамтылды
Қостанай ауд. Ауданда жұмыспен қамту мәселе оңтайлы шешіліп отыр. Жұмыспен қамту 2015 жылдың кешенді жоспары бойынша 1505 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі күні 1 045 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бойынша 59 адам жұмысқа тұрды. 104 азамат қоғамдық жұмысқа, 4 тұлға кәсіби оқуға жіберілді, 361 адам жеке кәсіпкер болды, 492 адам бос орындарға жұмысқа алынып, 25 адам шағын несие алды.