Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау
Науырзым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету шаралары негізінде "Мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өткізілді.
Шараның басты мақсаты жұмыс берушілер мен жұмыс-сыздар арасында тікелей бай-ланыс құру, олардың жұмысқа орналасуына жол ашу. Жәрмең-кеге 20-ға жуық мүмкіндігі шек-теулі азаматтар қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдері-мен еркін сұхбат құрып, сұрақ-тарына жауап алып, түйіндеме-лерін тапсырды. – Елбасы Н.Назарбаев биыл-ғы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс", – деген болатын. Бұл орайда жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға аса көңіл бөлуі қажет. Сондай-ақ, мемлекет басшысы: "Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, "Нұр Отан" партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн", – дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Гүл-жанат Төлеуқызы. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәр-меңкеге жұмыс беруші 4 мекеме 6 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың арасында "Ермаханов Онталап" қожалығы да бар. – Екі адамды жұмысқа алуға міндеттеме алдық. Жалпы біздің қожалықта 10-нан астам жұмыс-шы бар. Барлығы да жергілікті тұрғындар. Десе де, бізге әлі жұмыскерлер қажет екенін айта кеткім келеді, – дейді қожалық басшысы Ғалымжан Ермаханов. Екі қолға бір күрек іздеп келген қамкөңіл жандардың қарасы көп. Жәрмеңкеде байқалғаны негізі-нен есепші, етікші мамандарымен қатар тігінші және аспазшыларға да сұраныс мол. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.