Дычко Дохаға аттанады

Катар астанасы Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатында қостанайлық Иван Дычко бақ сынайды.
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының шешімі бойынша төрткүл дүние көз тігіп күтіп отырған шаршы алаң "шайқасы" 5-15 қазан аралығында өткізіледі.

CIB9T9MUMAALWiA

Ел намысын Иваннан бөлек тағы командалас жеті спортшы қорғайды. Олар бұған дейін Тайландта өткен жарыста әлемнің әйгілілерін тізе бүктірген еді. Бұл жолы да күдіктен гөрі сенім басымырақ.
Былғары қолғапшылар әлем жеңімпазы атанған жағдайда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алады. 
Қазанның  екісі күні Катарға аттанатын жерлесіміз Иван Дычконың байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатуына тілектеспіз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓