Шығынға батқан шаруалар шағымы
Қарабалық ауданында бруцеллез ауруына шалдыққан ІҚМ басы артып отыр. Сондықтан ауру мал иелері кесірдің орнын толтыруға бөлген аудандық бюджет қаржысын азсынып отыр. Жергілікті билік те бұл мәселені оңтайлы шешуге мүдделі болып отыр.
1-қыркүйектегі нәтиже бойынша, аудандық малдәрігерлік зертхананың диагностикалық зертеуінің қорытындысы бруцеллезге шалдыққан 244 ірі қараны анықтап берген. Бұл науқас бойынша эпизоотикалық жағдай ауданға қарасты Бурлинский, Есенкөл, Қарабалық селолық округтарында белең алған.
Малдәрігерлік бөлім басшысы Б.Ирмұхаметовтың ақпаратынша, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда кесел 0,8-ден 1,3 пайызға дейін өскен.
Ендігі бруцеллез меңдеген 226 бас санитарлық жою нысандарына өткізілген. Бұл мақсатқа 1 млн 20 мың теңге бөлінген. Бұл соманың ширегі мал иелерінің шығынын толтырмаққа беріледі деп көзделген еді. Алайда ол асығыс есептелген сыңайлы. Барлығына, жалпы сомасы, 11 млн теңгеден астам қаражат керек. Тиісті бюджеттік өтінім пысықталып та қойылды. Тиесілі қаражат он жұмыс күні ішінде мал иелерінің есепшотына аударылмақ.