“Ең үздік мамандық”

Міне, осындай атпен Денисов ауданында оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін көтеру, жастар ортасында еңбек құндылығын, кәсіптікті насихаттау мақсатында ішкі саясат бөлімі орта және негізгі мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен техникалық-кәсіптік білім беру колледж студенттері арасында шығармашылық байқау ұйымдастырды.
мамандық
Байқауға қатыс-қан он алты үміткер компьютерлік таныстыру рәсімі, бейнелеу өнері, "коллаж" техникасында жасалған жарнамалық плакат бойынша сынға түсті. Ком-пьютерлік таныстыру рәсімінде жеңімпаздар қатарында Денисов №1 орта мектебінің, техникалық-кәсібіи білім беру колледжінің, Антонов, Алчан, Фрунзе орта мектебінің оқушылары болды. Ал, бейнелеу өнерінде Батал, Денисов №1 орта мектебі мен Красноармейск негізгі мектептің оқушылары жеңімпаз атанды. "Коллаж" техникасы мен фотосурет пен фоторепортаж бойынша Батал және Покров орта мектептерінің оқушылары алдарына жан салмады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓