БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУЫЛҒА БЕЛГІ ОРНАТЫЛДЫ

Абылайханның баласы  Қасымханның заманында ел қорғаған аруақты батырлардың бірі – Жаңатай Қожаұлы. 1997 жылы  Кемер ауылына Жаңатай батырдың аты берілген болатын. Алайда, оны айғақтап тұратын белгі қойылмай келген еді.Осы олқылықтың орнын Қабырға ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Баймағанбетов толтырды. жанатай
Міне, енді ауылға кіре берісте өзі әкім, әмбебап суретші, шебер Қуанышбек Баймағанбетовтің басшылығымен, әрі шеберлігімен жасалған белгі тұр. Сонадайдан көзге шалынады. Ұшы көкке қарап тұрған қос найза – ауыл халқын елдік пен ерлікті сақтауға, туған жер мен туған елді құрметтеуге және ұлы хандарымыз бен батырларымызды ұлықтауға шақырып тұрғандай. Бұл – сөз жоқ, Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Аманкелді ауданында орнатылған бірден-бір бағалы жәдігер! Белгіні орнатуға осы жерден шыққан Шүкір Бәлтенов және Әлімжан Ғаппасұлы секілді сыртта жүрген кәсіпкер азаматтардың мол көмегі болды.
 
Хамтибек Мұсабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓