Мәдениет үйі жөнделуде
Федоров ауданына қарасты Лесной ауылының мәдениет үйі жаңа кейіпке енуде. Ғимарат жарты ғасырға жуық күрделі жөндеу көрмеген. Жазда жауған жауын төбеден тамшыласа, көктем мен күзде сахнаның асты суға толатын.
Құрылыс жұмыстары мұнда биыл жаз бойы жүргізілді. Нысанның төбесі ашылып, жаңадан шатыр жабылды. Құбырлар ауыстырылып, ауласы абаттандырылды. Қысқа дейін жылу жүйесі қосылады. Ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталуға жақын.
Мәдениет ошағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы негізінде жөнделуде. Бұл мақсатқа республикалық қазындан 120 млн теңге бөлінді. Құрылысшылардың дені – ауыл тұрғындары. Бұл жұмыс орны – олар үшін нәпақа табу көзі.