Бекем бол, Адам!
Осыдан бір ай бұрын анасы Адамды толық қамтамасыз ете алмаған соң, тиісті мекемелер оны өз қамқорлығына алған. Бүгінде Адам бүлдіршін Қостанай облысындағы балалар ауруханасының неврологиялық бөлімінде жатыр. Бұған дейін Қарабалық ауданындағы медбикелердің күтімінде болған.
Дәрігерлер қойған диагноз бойынша: церебральді сал түрі және жүйкесі бұзылған. Анасы ішімдікке салынып, өмір сүруге құлықсыз болып, ауру баланың жағдайына назар аудармаған. Оқиға жалғаса берер еді, егер, прокуротура тиісті мекемелерден мәселені қолға алуды талап етпегенде. Боскөлдегі жайт көптің әңгімесіне айналып, жұрттың жағасын ұстатты. Аудандық әкімшілік пен қамқорлыққа алу және асырап алу органдарының мамандары, сондай-ақ, жұмыспен қамту ұйымдары Татьяна Русолды ата-ана құқығынан айыруға қажетті құжаттарды дайындап қойған. 22 қыркүйек күні мәселенің барысы сотта қаралады. Сот қандай үкім шығарары әлі белгісіз, алайда көкек ана баласының жағдайына аландап хабарласпағанда. Баласынан айырылғанына бір айдан астам уақыт өткен. Тіпті, Адамның қайда екенін де білмейді.
Егер Татьянаны ата-ана құқығынан айырса, Адам облыстық ауруханадан қажетті курстардан өтіп, Қостанайдағы балаларға арналған психика-нервологиялық интернатына тапсырылады.
Егер Татьянаны ата-ана құқығынан айырса, Адам облыстық ауруханадан қажетті курстардан өтіп, Қостанайдағы балаларға арналған психика-нервологиялық интернатына тапсырылады.
Кенже ҚОНЫСБАЙ