24 тұрғын тізімді қысқартты

Затобол кентіндегі «Нұрай» шағын ауданында жаңа көппәтерлі үй пайдалануға берілді. 161 млн. теңгеге салынған 30 отаулы баспананың кілті  пәтер кезегінде тұрған 24 тұрғынға табысталды. затоболАйта кету керек, бұл үй мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Баспананың 6 пәтері «Ұлан» ЖШС-не тиесілі. Серіктестік тұрғын үй құнының арзандатылып сатылуына ықпал жасады. Бұл – аталған жаңа шағын ауданда салынған алтыншы үй. Таяу келешекте тағы бір жекеменшік баспананың іргесі қаланбақ. Бұл шағын ауданда қазіргі таңда әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі азаматтар, көптеген мамандық өкілдері өмір сүруде. Анықтап айтқанда, алғашқы салынған үйге ардагерлер, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар мен бюджеттік сала қызметкерлері ие болды. Ал, 3, 4 баспаналар «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас отбасылар» бағыты бойынша бой көтерді. Осы жылы пәтер кезегінде он жылдап тұрған тұрғындарға кезек келіп отыр.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓