Жаңа балабқша ашылды

2fd845a7bd430a1d4dd1887b83bd3728Қостанайда осыған дейін түрлі мекемелердің иелігінде болған ескі ғимарат жаңартылды. «Ақжелең» деген атау берілген балабақша мемлекет пен жеке меншік арасындағы әріптестік байланыстың тиімділігін көрсетіп отыр. Жаңа балабақшаның менгерушісі Кенжегүл Гутова ауланы қалай абаттандырып, жабдықтайтындарын көрсетіп жүр. Жан-жағын жасыл желекке орап, соңғы үлгідегі ойын алаңдары жасалатындығын айтады. Оған тапсырыс та беріліп қойыпты, жақында жеткізілуі тиіс. Қазір іші мұнтаздай таза, жып-жылтыр. Балалардың демалып, еркін ойнауына барлық жағдай жасалған. Ас-тағамдары мен еңбекақы мемлекет есебінен. Әлеуметтік әріптестік дегеніміз осы. Әзірге мұнда 150 бала тәрибеленеді. Алдағы уақытта 270-ке жеткізу жоспарда бар.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓